Абай облысының бюджеті екі есе артты

Абай облысының бюджеті екі есе артты
gov.kz
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң қарқынмен сақталды. Көлік саласында – 123,4%, байланыста – 106,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 101,3%, ішкі саудада – 105,9%, ауыл шаруашылығында – 102,8%, инвестиция тарту бойынша – 103,1% өсім байқалды. Тұрғын үй құрылысы саласында 159,9 мың шаршы метр жаңа баспана пайдалануға берілді.

Мемлекеттік бюджетке облыстан 441,4 млрд теңге салық пен міндетті төлемдер түсті. Оның ішінде республикалық бюджетке – 316,7 млрд, жергілікті бюджетке – 124,7 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 137,3% өсім.

Абай облысы құрылған сәтте бюджеттің жалпы көлемі 251,3 млрд теңге болса, бүгінде Президент пен Үкіметтің қолдауының арқасында бұл көрсеткіш 2 есе өсіп, 500,9 млрд теңгеге жетті.

Өңірдің инфрақұрылымын жаңғырту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады.