27 сәуірде Абай облысындағы "Востокцветмет" ЖШС-нің Орлов шахтасында тау жыныстарының опырылуы салдарынан бір қызметкер қаза тапты. Тағы бір жұмысшы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Компания мәліметінше, жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.
"Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмның отбасына барлық қажет көмек көрсетіледі. Зардап шеккен қызметкерге де жан-жақты қолдау береміз", – деп мәлімдеді компания өкілдері.
