Абай облысында имам 11 жастағы жеткіншекті көлігімен қағып өлтірді

Қаракөз Амантай 17 қаз. 2024 16:25 3530

Абай облысында 11 жастағы бала жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

14 қазан күні Toyota RAV-4 автокөлігін жүргізген 44 жастағы азамат Үржар ауылындағы Гагарин көшесінде 11 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Мәліметтерге сүйенсек, көлік тізгінінде жергілікті имам болған. 

Оқиға салдарынан зардап шеккен бала Үржар ауданының орталық ауруханасында қайтыс болды.

Аталған факті бойынша "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мәліметтері жарияланбайды.

Тергеу барысын Абай облыстық полиция департаменті басшылығы бақылауда ұстап отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар