Тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында Абай облысы әкімінің мақұлдауымен оқушылар арасында туристік-өлкетану қозғалысын дамыту жұмыстары басталды.
2023 жылғы қараша айында туристік, экологиялық бағыттарды және мектеп мұражайларын дамыту жұмыстарын қамтитын алғашқы өлкетану отрядтары құрылды.
Қазіргі таңда 7-8 сынып оқушыларынан құрылған 72 жасақ жұмыс істеп тұр. Отряд құрамында 700-ге жуық оқушы бар.
Өлкетанушылар ескерткіш аумағын бақылап, облыс картасында өз ауылдарының орналасқан жерін анықтап, табиғи және тарихи ескерткіштерді, белгілі тұлғалардың өмірбаянын зерттейді.
Оқу жылының қорытындысы бойынша ең белсенді отрядтар өлкетанушылардың жазғы 3 күндік слетіне қатысу құқығына ие болады. Жұмыс “Прииртышье” және “Исток” қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастықта атқарылуда.
Айта кетейік, өлкентанушылар отряды еліміз бойынша Абай облысында ғана құрылып отыр. Жоспар бойынша келесі жылы отряд санын көбейтіп, жұмысты жандандыру көзделген. Отряд жыл бойы жұмыстарын жүргізіп, арнайы ұйымдастырылған конкурстар аясында тапсырмалар орындайды.