Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері марапатталды

Жарбол Кентұлы 28 там. 2024 12:17 1036

«Мерейлі отбасы» байқауы отбасылық құндылықтар-берік достық, сүйіспеншілік, өзара сыйластық, болашақ ұрпақты, еліміздің нағыз азаматтарын тәрбиелеуге бағытталған маңызды жоба. Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауы түйінделіпі, жеңімпаздар мараптталады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Серікқанұлы жалпы байқауға облыстың барлық аудандарынан 100-ден астам отбасы қатысып, облыстық кезеңге 21 отбасы іріктелгенін атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды Бесқарағай ауданынан келген Смағұловтар отбасы, II орынды Абай ауданынан Оразалы отбасы, III орынды Үржар ауданынан келген Кәп отбасы және Семей қаласынан Нұрахметовтар отбасы иеленген.

Бұл байқау 2014 жылдан бастап республикалық деңгейінде еліміздің барлық облысында ұйымдастырылуда. Абай облысында 3 жылдан бері үздіксіз өтіп келеді. Байқау облыста отбасы құндылықтары мен ата-ана тәрбиесін насихаттаудағы маңызды шараға айналып отыр. Ана мен әкенің рөлі бірдей екенін көрсетуде. Мұндай шаралар қазақстандық отбасылардың оң имиджін қалыптастыратыны сөзсіз.

Байқауда бақ сынап, өз шаңырақтарының берекеді отбасы құпиясымен бөліскен әулеттердің бірі Смағұловтар жанұясы. Олар ауыл шаруашылығы саласының көшін өрге домалатып жүрген әулет.

– «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып өзімді ерекше бақытты сезіндім. Бұл байқауға қатысқаннан бастап тәлім-тәрбие жағынан және рухани тұрғыдан кемелдене түскенімізді байқадық. Артымыздан келе жатқан жас ұрпаққа байқайдың берер тәрбиесі мол деп ойлаймын. Осыны ұйымдастырған басшыларға алғысым шексіз. Байқауға қатысу барысында отбасымызбен 1-2 ай дайындалдықлық. Есіл еңбегіміз бекер кеткен жоқ, – дейді І орынға ие болған Сабира Смағұлова ойын ортаға салды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтар, сондай-ақ ақшалай сертификаттар алды. Салтанатты іс-шара соңында қонақтар үшін мерекелік концерт өткізілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар