Абай облысында «Киелі мекен» акциясы жалғасуда

Абай облысында «Киелі мекен» акциясы жалғасуда
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс аумағындағы ескерткіштер, саябақтар, киелі орындарды қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бесқарағай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінінің құрметіне салынған 18 саябақ, 4 ескерткіш және 48 демалыс саябағы тазартылды. Бұл жұмысқа барлығы 3 000 тұрғын, 18 бірлік техника жұмылдырылды.

Абай ауданының Қарауыл ауылында да жаппай сенбілік өтті. Оған 300-ден астам мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

6 техника жұмылдырылдырылған сенбілікте 30 тонна қоқыс жиналып, 19 саябақ пен ескерткіштер тазартылды.