Абай облысында жалпы құны 1,5 млрд теңгеден асатын темекі жойылды

Көркем Алдабергенова 27 там. 2025 12:32

Абай облысында жалпы құны 1,5 млрд теңгеден асатын 4,5 млн дана темекі өнімі жойылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Темекі өнімдерін жою процесі арнайы құрылған комиссияның қатысуымен өтті. Комиссия құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар қоғам қайраткерлері, экологтар және тәуелсіз бақылаушылар да кірді.

Қаржылық мониторинг агенттігі темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Жыл басынан бері:

темекі өнімдерінің заңсыз айналымының 39 фактісі анықталды;

3,4 млн-нан астам темекі қорабы тәркіленді;

олардың өндірісімен айналысқан 2 жасырын цех жойылды;

9 тұлғаға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды.

Тәркіленген барлық контрафактілік өнім сот шешіміне сәйкес жойылуға жатады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар