Абай облысына 2024 жылы «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару» бағдарламасы аясында 530 адам көшіп келді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Олардың 310-ы Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан және Алматы, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан қоныс аударған. Сондай-ақ ҚХР, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен 220 қандас тарихи атамекеніне оралды.
2025 жылы «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару» бағдарламасы шеңберінде 499 адамға (244 қандас, 255 қоныс аударушы) қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы жоспарланған.