Абай облысындағы Орлов шахтасында өрт шықты

Абай облысындағы Орлов шахтасында өрт шықты
Фото: depositphotos

Абай облысындағы Орлов шахтасында бұрғылау қондырғысы орналасқан аумақта өрт шықты. Оқиға 8 тамызда шахтаның 10-шы кен қабатында болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Түтін байқалғаннан кейін оқиға орнына тиісті қызметтер жұмылдырылып, өрт ошағы жедел сөндірілген. Салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда бұрғылау қондырғысына зақым келген.

KAZ Minerals өкілі Ермек Дюзкеневтің айтуынша, алдын ала болжам бойынша, оқиғаға электр кабелінің зақымдануы себеп болуы мүмкін.

"Түтіннің шығу ошағы жедел жойылды, зардап шеккендер жоқ. Бұрғылау қондырғысына зақым келді. Алдын ала мәлімет бойынша, электр кабелінің зақымдануы себеп болуы мүмкін. Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Шахта қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", - деді компания өкілі.