9 млн теңге заңсыз сыйақы алған қазақстандық шенеунік ұсталды

Қаракөз Амантай 09 шіл. 2024 10:31 72014

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау арқылы орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салуды іске асыратын компанияның бас инженерінен 9 млн теңге көлемінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды", – делінген ҚМА хабарламасында.

Күдікті аталған объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1%-ы көлемінде ақшаны алу кезінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар