Inbusiness сайты елімізде топ менеджерлері ең көп айлық алатын компаниялар мен бизнес-құрылымдарды анықтаған. Сонымен топ басында «Қазатомөнеркәсіп» басшылары тұр. Ұлттық компанияның басшыларының айлығы 6,8 миллион теңгені құрайтыны белгілі болды.
Бұдан кейінгі орында әйгілі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы жайғасыпты. Темір жол саласындағы басты компанияның басқарма мүшелері айына орта есеппен 3 млн теңге айылық алады.
Ірі компаниялардан «Қазтеміртранс» пен «Қазпошта» да қалыспайды екен. Олардың топ-менеджерлерінің айлығы 1,9 млн теңгеге жуықтайса, «Samruk-Green Energy» ЖШС-нің жоғары лауазымды қызметкерлері айына шамамен 1,4 миллион теңге жалақыны қалтаға басатыны мәлім болды.