Бойжеткен жергілікті базардан азық-түлік сатып алып, үйіне таксимен қайтпақ болған, алайда жүргізуші оны белгісіз бағытқа алып кеткен. Зардап шегушінің айтуынша, ер адам оған су ұсынған, содан кейін ол есін жоғалтыпты. Киімсіз өзен жағасында оянғанын айтады.
“Алдымен өзен жағасында зорлады, кейін бір үйге апарды. Онда да зорлады, тіпті жігіттерді де сонда шақырды. Қайта-қайта біреулерге телефон соғып, “мына жерде қыз бар, кел” деді. Ер адамдар келіп, жұмысын бітіріп кетіп қалды. Олар мені ұрып-соқты. Егер айқайлап, қарсылық көрсетсем, мені өзенге лақтырып жіберетінін айтты”, – деді жәбірленуші.
Артынша ата-анасы баласының жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған. Іс "Адам ұрлау" бабы бойынша қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыскерлердің ізіне түсіп, қызды тауып, үйіне қайтарды. Бірақ анасы аяқ асты тергеуді жалғастырудан бас тартты.
“Адам ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатты. Алайда осы жылдың 31 мамырында ауыл тұрғыны тағы да нотариус куәландырған арыз беріп, бұл жолы адам ұрлады деген күдікті тұлғаларға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды көрсеткен”, – деді Түркістан облысы бойынша ҚДП баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
10 күннен кейін әйел бөлімшеге қайта келіп, қыздың зорланғаны туралы хабарлады. Полицейлер оның сөзіне сенбеді.
“Олар маған қызымның көптен бері қыз емес екенін жазуымды өтінді. Сосын олар осылай жазды. Осыдан кейін мен оны травматологке тексеруге апардым. Учаскелік полиция қызметкері бізбен бірге барды, кірді, сөйлесті. Бірақ дәрігер қыздың қолы, арқасы, аяғы көгергеніне мән берген жоқ. Ол кезде олар зорлық-зомбылық фактісін дәлелдей алмады.
Полиция сараптама тағайындады. Бірақ анасы барлық айғақты қызметкерлердің өзі жойған дейді .
“Сот-медициналық сараптама қызметкерлері зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарды. Сондай-ақ жәбірленушінің анасы заттай дәлелдемелерді, яғни қызының киімін өз қолымен жоқ қылғанын мойындады. Осылайша, сарапшылардың биологиялық және генетикалық-молекулалық сараптама жүргізуге мүмкіндігі болмады”, – деді Түркістан облысы бойынша ДПП баспасөз хатшысы.
Оның үстіне әйелдің қызын зорлады дегендерден 8 млн теңге ақша алғаны белгілі болды.
“Олар менің үйіме күнде келді, тыныштық болмады. Қызым: "Оларға кешірім жоқ”, – деді. Кешірсек, қызымызға төлқұжатын жасауға көмектесеміз деді. Оның құжаттары жоқ. Олар оқуына көмектесеміз, ақша төлейміз деді. Барлық жағдайды жасаймыз деді. Олар 8 миллион берді, бірақ бұл ақша емес. Дәрігерлерге қанша ақша кетеді”, – деді анасы.
Тіпті анасы кешірім берсе де, заңды түрде кешіру мүмкін емес. Өткен жылы "Зорлау" бабы татуласуға тыйым салынған ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды. Тағы бір мәселе, мұндай тергеулер тек сараптама қорытындысы бойынша жүргізіледі. Ал бес айдан кейін сараптамада әлдене көрсете ме? Соған қарамастан іс ерекше бақылауға алынды.
Дереккөз: Stan.kz