8 мың теңге. Оңтүстікте ауыл ұстаздарына ЭКСПО билетін күштеп алғызып жатыр

Dalanews 18 қаң. 2017 08:05 814

Блогер Эльвира Ерғалина Facebook-тегі парақшасында ауыл ұстаздарын Астанада өтетін EXPO көрмесіне билет алуға мәжбүрлеп  жатқанын жазыпты. 

"50 мұғалімі бар мектепке ЭКСПО билеттерін әкеліпті. 40 дана. "Барғандарың жақсы. Бармай жатсаңдар да, билет алуға міндеттісіңдер," депті. Билет құны 2000-8000 теңге аралығында.

Енді жеңгем: "Соған бола мына жақтағы тірлікті тастап бару қайдан, 2 билет алып, саған беріп жіберсем болатын шығар?" дейді.

Ол қалай сонда деп қалғам. Дәл сол ауданда, бірақ, басқа мектепте мұғалім боп істейтін тағы бір жеңгем де солай дейді. "Аласыңдар, бару/бармау өз еріктеріңде," депті. Бағасы сол - 2000-8000 теңге аралығында. Шошыдым.

"Жалпы Ордабасы ауданының мұғалімдеріне 2000 билет бөліпті. Ал десе, аламыз. Айлықтан ұстайды ғой бәрібір," дееееп отыр жеңгелерім. Беті ашылмаған күйі пешке кететін газет-журналына жазылып отырғандай еш эмоциясыз айтады ғой тағы.

"Бармасақ, неге алуға міндеттіміз?" деп сұрамадыңыздар ма дедім. Жоғары жақтың приказы екен.

Қызығы, қаланың мектептеріне ондай міндет жетпепті әлі", - деп жазған блогер.

Ордабасы ауданындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істейтін жеңгелерінің Facebook желісіне әлі күнге дейін тіркелмегеніне қынжылған Эльвира: "Осыны өздері ФБға жазса, әйтеуір бір нәтиже шығарар едік", - дейді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар