Қазақстанда көлік көп жүретін ақылы жолдар анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 1 қаңтар мен 31 шілде аралығындағы ақылы жолдардағы көлік қозғалысының қарқынына талдау жүргізген. Жеті айдың қорытындысы бойынша барлығы 44 954 050 көлік жүріп өткен.
Көлік ағыны бойынша Алматы - Қонаев учаскесі көш бастап тұр. Жеті ай ішінде бұл бағытта 7 149 537 көлік жүріп өткен. Бұл жалпы көрсеткіштің шамамен 16 пайызы болады. Тәулігіне орта есеппен 33,7 мыңға жуық көлік қатынаған.
Екінші орында Шымкент - Өзбекстан шекарасы бағыты: 5 463 475, үшінші орында Шымкент - Тараз учаскесі: 3 784 782 көлік.
Алғашқы бестікке Тараз - Қайнар (3 289 935), Шымкент - Қызылорда (2 736 666) енді.
Жалпы статистика көлік қозғалысының ең жоғары қарқыны Алматы агломерациясы мен елдің оңтүстік өңірлерінде қалыптасқанын көрсеткен. Тек төрт оңтүстік бағытта (Шымкент - Өзбекстан шекарасы, Шымкент - Тараз, Тараз - Қайнар және Шымкент - Қызылорда жолдарында) 15,2 млн-нан аса көлік жүріп өткен.
Елорда мен өңірлерді байланыстыратын бағыттарда да қозғалыс қарқыны жоғары. Астана - Теміртау учаскесінде 2 293 893, Астана - Щучинск бағытында 2 219 653, ал Астана - Павлодар жолында 1 401 004 көлік тіркелген.
2026 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы ақылы жолдардың толық рейтингі мынадай:
1. Алматы – Қонаев — 7 149 537;
2. Шымкент – Өзбекстан шекарасы — 5 463 475;
3. Шымкент – Тараз — 3 784 782;
4. Тараз – Қайнар — 3 289 935;
5. Шымкент – Қызылорда — 2 736 666;
6. Астана – Теміртау — 2 293 893;
7. Астана – Щучинск — 2 219 653;
8. Қонаев – Талдықорған — 2 178 708;
9. Тараз қаласының айналма жолы (Қайнар – Шымкент) — 1 644 729;
10. Қостанай – Денисовка — 1 535 147;
11. Щучинск – Көкшетау — 1 520 485;
12. Алматы – Қорғас — 1 500 567;
13. Астана – Павлодар — 1 401 004;
14. Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал — 1 150 111;
15. Көкшетау – Петропавл — 1 075 805;
16. Қызылорда – Арал — 1 064 024;
17. Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор бағыты) — 779 128;
18. Павлодар – Семей – Қалбатау — 746 120;
19. Шу – Бурылбайтал — 607 895;
20. Қостанай – РФ шекарасы (Троицк бағыты) — 529 273;
21. Қандыағаш – Мақат — 513 960;
22. Павлодар – РФ шекарасы (Омбы бағыты) — 488 527;
23. Орал – РФ шекарасы (Самара бағыты) — 382 265;
24. Орал – РФ шекарасы (Саратов бағыты) — 323 829;
25. Үшарал – Достық — 315 019;
26. Талдықорған – Өскемен — 136 056;
27. Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) — 87 198;
28. Бурылбайтал – Күрті — 36 259.