7-16 жас аралғындағы ерекше қажеттіліктері бар балалар қандай жәрдемақы алады?

Dalanews 25 қар. 2021 10:15 1023

Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мүгедек балаларға арналған жәрдемақыны арттыру туралы айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 24 қазанда күшіне енді.

– Енді заңнама мемлекет көрсететін әлеуметтік көмекті, оның ішінде баланың денсаулық жағдайына, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне және организм функцияларының бұзылуына байланысты мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшерін саралауды көздейді. Сонымен қатар, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға мүгедектік топтары комиссияның сырттай шешімі негізінде, яғни автоматтандырылған режимде орнатылатын болады, – деді Мұрат Мұратбеков.

Егер бұрын мүгедектікті топтар бойынша бөлу тек 16-18 жас аралығындағы балалар арасында болса, түзетулерден кейін 7-16 жас аралығындағы балалар арасында мүгедектік топтары пайда болды. Жаңа шара осы балалар дертінің  ауырлығына байланысты жәрдемақы мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді:

- бірінші топтағы мүгедек бала тиісінше 1,92 ТКД және 1,49 АЕК алатын болады;

- екінші топтағы мүгедек бала – тиісінше 1,59 ТКД және 1,49 АЕК;

- үшінші топтағы мүгедек бала-тиісінше 1,4 ТКД және 0,96 АЕК.

Мүгедек балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің деректері бойынша Алматыда 7 жастан 16 жасқа дейінгі 4 460 мүгедек бала тұрады, оның ішінде біріншісіне 848 бала, екіншісіне 1 327 бала және үшінші топқа 2 285 бала жатады.

Мүгедектік топтарды медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері бір рет автоматтандырылған режимде белгілейтіні өте маңызды. Бұл МӘС-та бар деректер негізінде сырттай шығарылған сараптамалық қорытынды болады. Енді балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне мүгедектік тобын анықтау үшін мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар