Freedom Inside '26

63 жастағы зейнеткер әйел өз күшімен тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді

63 жастағы зейнеткер әйел өз күшімен тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді
ашық дереккөзден

Бакудегі ауруханада егде жастағы әйел алғаш рет ана атанды. Ол 40 жыл бойы бала көтере алмай жүргеннен кейін сәбиді табиғи жолмен дүниеге әкелген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әзербайжанның 63 жастағы тұрғыны дені сау баланы көтеріп, аман-есен босанды. Босану Бакудегі республикалық ауруханада табиғи жолмен өткен.

"Әйелдің есімі – Хагигат. Бір ай бұрын ол 63 жасқа толды. Ол 40 жыл бойы бала көтере алмаған. Оның гинекологі – медицина ғылымдарының кандидаты Натиг Магеррамов. Кеше ол дені сау сәбиді өзі босанды", – деді медициналық мекеме өкілдері.

Науқастың емдеуші дәрігері бұған дейін бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.