Павлодар облысында 14 жыл бұрын болған қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
2012 жылы бау-бақша қоғамдастығы аумағында белгісіз біреу 62 жастағы әйелді зорлап, өлтірген. Сол кезде қылмыскерді анықтау мүмкін болмаған. Бірақ істі ашу бойынша жұмыс жалғасқан.
Жедел қызметкерлер мен криминалистер істі қайта зерделеген. Тексеріс нәтижесінде күдікті анықталды. Ол 1964 жылы туған, бұрын сотталған ер адам болып шықты.
"ДНҚ сараптамасы оның қылмысқа қатысы бар екенін растады. Ер адам кінәсін мойындады. Ол ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыс жасаған адам заң алдында жауап береді", - деді ІІМ өкілдері.