Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрғаны, басқарғаны және олардың құрамына қатысқаны үшін, соның ішінде трансұлттық қылмыстық ұйымдарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
ІІМ мәліметінше, 270-тен аса бопсалау дерегі анықталған.
"Жедел іс-шаралар барысында ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар 30-дан аса қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды", - деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ведомство дерегіне сүйенсек, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі құқықтық тәртіпті бақылау басым бағыттардың бірі болып қала береді. Жыл басынан бері түзеу мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау және қызметкерлерге қоқан-лоқы көрсету деректері бойынша 50-ден аса қылмыстық іс тіркелген.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі трансұлттық қылмысқа қарсы күрес бағытында халықаралық ынтымақтастықты күшейтіп жатыр.
Жыл басынан бері 500 қылмыс әлемі өкіліне Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынған.