50 мың теңге пара алған полицейге қатаң үкім шығарылды

Dalanews 05 қыр. 2022 11:45 779

Орал қаласында "пара алды" деген күдікпен қамалған жергілікті Көші-қон полициясы басқармасы бөлімінің бұрынғы бастығы Қанат Мұқановқа  үкім шықты.

Экс-полицейдің биылғы жылдың сәуір айында 50 мың теңге пара алғаны анықталған еді. Аталған іс Қылмыстық кодекстің 366-шы "Пара алу" бабы бойынша қаралып, прокурор тәртіп сақшысын 4,5 жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот шешімі бойынша Қанат Мұқанов айыпты деп танылып, 8,7 млн теңге төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, өмір бойы мемқызметте істеу құқығынан айырылды. Судья 11-ші сәуірден бүгінге дейінгі аралықта абақтыда отырған Мұқановтың мерзімін айыппұл ретінде есептейтінін мәлімдеді. Осылайша айыппұл мөлшері 1,7 млн теңгеге төмендеп, экс-полицей 7 млн теңге өтеуге міндеттелді.

"Үкім заңдық күшіне енгенге дейін бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа алмастырылсын және Мұқанов қамаудан шұғыл босатылсын", - деді сот Асқар Исмайлов.

Талап-шартқа сай экс-тәртіп сақшысына айыппұлды өтеуге бір ай мерзім берілген. Келісімді кешіктірген немесе орындамаған болса, үкім бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады. 


Сонымен қатар, судья бұған дейін Мұқановтың полиция подполковнигі шенінен айырылғанын атап өтіп, мемлекет есебіне 50 мың теңге төлеуге міндеттеді.

https://dalanews.kz/del-qazir/81052-baybek-eki-ese-qymbatqa-satyp-algan-qy

https://dalanews.kz/news/81023-dikiy-arman-qayrat-satybaldynyng-zhoba

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар