Freedom Inside '26

5 наурызда ауа райы қандай болады?

5 наурызда ауа райы қандай болады?
vcgms.ru

Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Сондықтан жаңбыр мен қар жауады. 5, 6 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі. Ал солтүстік өңірлерде боран соғады.

Елдің оңтүстігінде күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.