5 мамырға арналған ауа райы болжамы

5 мамырға арналған ауа райы болжамы
pixabay.com

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Dala News.

Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын күтіледі, жел күшеюі мүмкін. Оңтүстікте көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

• батыста +17+32 градусқа дейін,
• солтүстік-батыста +15+30 градусқа дейін,
• солтүстікте +15+23 градусқа дейін,
• орталықта +17+27 градусқа дейін,
• оңтүстікте +20+35 градусқа дейін.