Шымкент тұрғыны Ролан Анатолы 49 күнде велосипедпен шамамен 8 мың шақырымды еңсеріп, қасиетті Мәдина қаласына дейін жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz
Ол 13 қазанда жолға шығып, Қазақстан → Ресей → Грузия → Армения → Иран → БАӘ → Қатар бағытымен Сауд Арабиясына жеткен.

Саяхатшының айтуынша, сапардың басты мақсаты – құлшылық жасау және жол бойындағы табиғаттың сұлулығын өз көзімен көру.
"Не себепті Меккеге велосипедпен жолға шықтым? Әрине, сапарымның мақсаты - құлшылық ету. Сондай-ақ жол бойындағы әсем табиғатты көріп, тамсанып барамын", – дейді Ролан.

Алайда саяхатшы Мәдина қаласына велосипедпен кіре алмаған. Құқық қорғау органдары қалаға екі дөңгелекті көлікпен кіруге рұқсат бермей, шекаралық нүктеде тоқтатқан.
Бірақ күтпеген жерден Умра сапарларын ұйымдастыратын компания Роланмен байланысып, оның сапар мақсатын түсіндіріп, Сауд Арабиясының құқық қорғау органдарымен келісім жүргізген.
Нәтижесінде компания арнайы көлік жіберіп, отандасымызды қасиетті Мәдина қаласына жеткізді.
