Алдағы уақытта облыс 47 мың тонна қант өндіру жоспарлап отыр. Бұл өңірдің қантқа деген сұранысын толық жауып (11 мың тн), өнімді еліміздің өзге өңірлеріне шығаруға мүмкіндік береді.
Бұл туралы Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу» базасында Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаев айтты.
Сол сияқты өз баяндамасында облыс басшысы су шаруашылығы нысандарын қайта жаңғырту мен жөндеу жұмыстарына қатысты қолға жұмыстар жайында да әңгімеледі.
Оның айтуынша, Ислам Даму Банкі қаражаты есебінен Ақсу ауданында 6,3 млрд теңгеге суару жүйелерінде құрылыс жұмыстары биыл аяқталса, бұл бағыттағы жұмыстар Көксу ауданында осы жылы басталады. Бұл жұмыстарға 8,3 млрд. теңге қарастырылған.
Қалға алынған шаралардың нәтижесінде Ақсу ауданында 11,5 мың гектар, Көксуда 13,6 мың гектар жер сумен қамтылады.
– Ақсу ауданындағы Қызылағаш суару массивінің құрылысына республикалық бюджеттен 8,9 млрд теңге бөлініп, бүгінгі күнге су құбырлары салына бастады. Биыл бітуі тиіс.
Осының арқасында 6,7 мың гектар жерге суару жүйелері салынады, оның 5,3 мың гектар жаңа жерлер. Жалпы 30 мың гектар алқап суармалы сумен қамтылады, – деді Бейбіт Исабаев.