46 адам қайтыс болғанда бірде-бір депутат төбе көрсеткен жоқ - айтыскер ақын

Қаракөз Амантай 02 ақп. 2024 11:55 10210


Қарағанды облысы мәслихатының депутаты, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұл LiFe 09 YouTube арнасына берген сұхбатында биліктегі әріптестерін сынға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Ол Қарағандыда Иван Костенко атындағы шахтада 46 адам қаза тапқанда бірде-бір депутаттың төбе көрсетпегеніне қапаланды.



“Кеше айтысқа бардым. "Аманат" партиясы ұйымдастырған "Алтын домбыраға" барлық депутат барды. Сол кезде оларға "46 шахтер өлді, неге келмедіңдер?" дедім. Сөйтсем: "Бізде бәрі хаттамамен ғой, бізден екі депутат барды, бізді жібермейді" деп сылтау айтады. Бұл барлық депутатқа қатысты сын: айтыскеріне де, заңгеріне де, басқасына да. Біреуі келген жоқ. Келсе халық өздері сайлағандар келді, егер олар келмегенде, бұдан былай Қарағандыға аттап басуға қақы болмаушы еді. Бір емес, 46 адам қайтыс болғанда бір депутаттың келмеуі сұмдық қой”, - деді ақын.



Оның айтуынша, жерлеу рәсіміне де ешкім келмеген. Бұл оқиғаны еске түсіре отырып, депутат көз жасына ерік берді.



“Қызылорда, Маңғыстау болса, түсінуші едім. Ал Қарағанды тиіп тұр. Он күн жерледік. Біздің ауылдан екі адам қайтыс болды. Қайтыс болған адамның баласымен жаназада қатар тұрдық, оңай емес... Қарағандыдан бір ақын келген жоқ. Осыдан соң мен ақынмын, депутатпен қалай айтады? Мен де кереметпін демеймін, бірақ шамам келгенше бірнеше адамның жаназасына бардық, қайғыдан қан жұтқан отбасыларға көңіл айттық”, - деді ол.



Осылайша мәслихат депутаты ауызбен орақ оратындарды да сынға алып, бәрін іспен көрсету керектігін айтады.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар