Әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында Олжас Бектенов жаңа премьер-министр болады деген сыбыс тарады. Артынша Ақорда Бектеновтің кандидатурасы ұсынылғанын жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Олжас Бектенов былтыр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді. Бұған дейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды.
Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Жасы небәрі 44-те.
Әзірге премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы - Роман Скляр. Кеше ғана Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайылов басқарған Үкіметті отставкаға жіберді.