42 500. Алматы облысында 252 мың адам әлеуметтік төлем алды

Dalanews 21 сәу. 2020 08:09 777

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ТЖ енгізілуіне байланысты  ең төменгі бір айлық жалақы мөлшерінде әлеуметтік төлем берілу туралы шешім қабылданды.  Бүгінде 42  500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алғандардың саны күн сайын артып келеді.

Қаржы көмегін төтенше жағдай кезінде бұрын ресми жұмыс істеген адамдар ғана емес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да алуда.

Алматы облысы бойынша  42  500 теңге көлемінде әлеуметтік көмекке 574 мыңнан астам адам өтініш берген. 354 мыңнан астам тұрғынға әлеуметтік төлем тағайындалып, 252 мың адамға төленген.


Қазіргі таңда өтініш беру тетігі барынша жеңілдетілген: ешқайда барудың қажеті жоқ, азаматтардың ыңғайлылығы үшін өтінішті тек электронды форматта беруге болады.

Алматы облысының тұрғындары әлеуметтік төлемдер алуға өтініш бере алады:

- "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы»;

- сайт арқылы 42500 Enbek.kz ;

-әрбір өңірге әзірленген бот жұмыс жасайды. Мәселен, https//t.me/ AlmaObl42500Bot Алматы облысына тиесілі.

"Төтенше жағдай режимін енгізу нәтижесінде өз табыстарын жоғалтқан азаматтар 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем алушылар қатарына жатады.  Сондықтан мұндай азаматтар өтініш беруге құқылы.

Егер азаматтардың ТЖ режимі енгізілгенге дейін жұмыс істемеген және қандай да бір табыс алмаған болса, онда бұл азаматтар үшін бұл төлем берілмейді", – деп хабарлады Алматы облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Бақыт Тоқтарқызы.

Азаматтар 42 500 теңге көлемінде көмек алған кезде ешқандай әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарналары, несиелер үшін қарыздар, коммуналдық қызметтер және т. б. ұсталынбайды.

Анар САБЫРОВА




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар