Freedom Inside '26

38 градусқа дейін аяз: алда күн қатты суытады

38 градусқа дейін аяз: алда күн қатты суытады
Dalanews.kz коллажы

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 13, 14, 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ел аумағына суық антициклон жылжып келеді. Соның әсерінен алдымен солтүстік өңірлерде, кейін еліміздің басқа аймақтарында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

"14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 30-38 градус аязға дейін төмендейді", - деді синоптиктер.

Ал елдің солтүстік жартысындағы кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.