Freedom Inside '26

38 градус аяз: алда күн қатты суытады

38 градус аяз: алда күн қатты суытады
Алматы әкімдігі

Синоптиктер үш күнге арналған болжам жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

22 қаңтарда Жаңа Жер аудандарынан ығысқан суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етіп, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде 25-38 градус аязға дейін, күндіз 20-30 градус аязға дейін төмендейді.

"Елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градус жылыға дейін көтерілсе, таулы аудандарда 8-13 градус аяз, батыс өңірлерде 5-13 градус аяз болады", - деді синоптиктер.