3,5 мыңнан астам компания Qarmet компаниясымен ынтымақтастық жасады

3,5 мыңнан астам компания Qarmet компаниясымен ынтымақтастық жасады

Qarmet жеткізушілер мен мердігерлермен өзара іс-қимылдың ашық әрі ыңғайлы жүйесін дамытуды жалғастыруда. Қазақстандағы ірі металлургиялық кәсіпорынмен әріптестік орнатуға мүдделі компаниялар үшін QPartners мамандандырылған порталы жұмыс істейді — бұл Qarmet-тің ресми цифрлық сатып алу алаңы. Қазіргі уақытта платформада 3 667 жеткізуші мен мердігер тіркелген, 400-ден астам белсенді тендер өткізілуде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

QPartners арқылы жеткізушілер тендерлер мен аукциондарға қатысуға өтінім бере алады, алдын ала біліктілік іріктеуінен өтеді, компания туралы деректерін жаңартады және өзара іс-қимылдың кейінгі кезеңдерін қадағалай алады. Әлеуетті жеткізушілерге негізгі ақпарат алу үшін Qarmet-тің әртүрлі бөлімшелеріне жүгінудің қажеті жоқ: сатып алуларға қатысты негізгі мәліметтер, қатысушыларға қойылатын талаптар, нұсқаулықтар мен қажетті құжаттар бір цифрлық алаңда шоғырландырылған.

Qarmet-пен шетелдік компаниялар да, қазақстандық жеткізушілер де ынтымақтастық орнатқан. Серіктестер түрлі бағыттарда қызмет көрсетеді: технологиялық жабдықтарды жеткізеді, ғылыми-зерттеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайды, жөндеу және кепілдік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Компанияның сенімді серіктестерінің бірі — «Ремэкология» ЖШС. Теміртауда орналасқан бұл кәсіпорын металлургиялық жабдықтарды жөндеуге маманданған.

«Біз Qarmet-пен компания құрылған сәттен бастап жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт ішінде тұрақты әрі тиімді әріптестік қалыптастырдық. Біз үшін компанияның диалогқа ашық болуы, жұмыстардың сапасына жоғары талап қоюы және жергілікті жеткізушілердің дамуына жағдай жасауы аса маңызды. Qarmet жобаларына қатысу бізге құзыреттерімізді кеңейтуге, өндірістік процестерді жетілдіруге және болашақ дамуды сенімді жоспарлауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті компания өкілдері.

Өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың табысты мысалдарының бірі — Qarmet Service базасында құрылған кластер. Шамамен 20 мың шаршы метр аумақта орналасқан бұл алаңда өнеркәсіпке қажетті өнім шығаратын жергілікті кәсіпорындар шоғырланған. Кластер аясындағы алғашқы жоба — «Glovex» ЖШС-нің трикотаж қолғаптарын өндіруі. Оның ерекшелігі — тұйық цикл экономикасы қағидаттарын қолдану: шикізат ретінде тоқыма қалдықтары, соның ішінде Qarmet бөлімшелерінде пайдаланылған арнайы киімдер қайта өңделеді. Бұл қалдық көлемін азайтуға, экологиялық жүктемені төмендетуге және қазақстандық қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік кластер кәсіпорындары да QPartners порталы арқылы тапсырыстар қабылдай алады, бұл алаң Qarmet-ті қолданыстағы және әлеуетті жеткізушілермен байланыстырады.

«QPartners — бұл тек сатып алуларға қатысуға арналған электрондық алаң ғана емес. Бұл Qarmet-пен ашық әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатқысы келетін, өз құзыреттерін ұсынуға және өнеркәсіптік өндірісті дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламаға қатысуға ниетті компаниялар үшін бірыңғай цифрлық терезе. Портал пайдаланушылары үшін техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Кеңестер жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін беріледі. Мамандарға 8 (7213) 96-51-69, 8 (7213) 96-57-50 телефондары арқылы немесе support@qpartners.kz электрондық поштасы арқылы жүгінуге болады», — деп хабарлады Qarmet компаниясы.

Тіркеліп, қолжетімді мүмкіндіктермен qpartners.kz порталында танысуға болады.