35 миллион теңге: Өскеменде ХҚКО бөлім басшысы мен қоластындағылар заңсыз сыйақы алған

Көркем Алдабергенова 18 қаз. 2024 14:38 4746

Өскеменде жүргізуші куәлігін алып беремін деген бөлім басшысы мен қоластындағылар 35 миллион жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Іс Өскемен қаласының №2 сотында қаралды. Сотта Н және Ә-ге ге қатысты ҚК- 247-бабының 3-бөлігі (заңсыз сыйақы алу) және А.-ға қатысты ҚК 247 бабының 3 бөлігі, 218 бабының 1 бөлігімен (қылмыстық жолмен алынға ақшаны заңдастыру) қылмыстық іс қаралды.
 
Сотпен анықталғаныН. есімді қызметкер «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының халыққа қызмет көрсету орталығының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филалының Өскемен қаласындағы мамандандырылған бөлімінің басшысы бола тұрып, сол бөлімнің екі қызметкерінің көмегімен, 2023 жылдың ақпанынан 2023 жылдың қазанына дейінгі аралықта көлік құралдарын басқаруға жүргізуші куәлігін алу үшін емтихандарды тапсыру кезінде көмек көрсеткені үшін азаматтардан ірі көлемде (34 960 500 теңге) заңсыз сыйақылар алған.
 
Сотталушылар шын жүректен өкініп, тағылған айыпты толық мойындады. Н., Ә және Н мемлекеттік айыптаушымен кінәні мойындау туралы келісім түрінде процессуалдық келісім жасасты.
 
Соттың шешімі:
 
Сот үкімімен Н. ҚК-тің 28 бабының 3 бөлігімен, 247 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 (бір) жыл мерзімге мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, 1 725 000 теңгені құрайтын 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.
 
Ә. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігімен, 247-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 (бір) жыл мерзімге мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1 725 000 теңгені құрайтын 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.
 
А. ҚК-нің 28 бабының 5-бөлігі, 247-бабының 3-бөлігі, 218-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 1 (бір) жыл мерзімге мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар