35 градусқа дейін аяз: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

Сағыныш Сардарова 22 қаң. 2026 07:00

Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қысқа мерзімді жылымықтан кейін Қазақстанның солтүстік өңірлерінде тағы да аяз күшейеді. Кейбір аудандарда қар жауып, түнгі уақытта ауа температурасы 30-35 градус аязға дейін төмендейді.

"Республиканың оңтүстігіне циклон ықпал етеді, сондықтан қар жауады. 22-23 қаңтарда қатты қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ болады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы өзгермейді", - деп жазылған болжамда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove