“31 млрд теңге қарыз”. Қазақстан банкі Ресейді шығынға ұшыратты

Қаракөз Амантай 04 жел. 2025 13:24

Қазақстандық Alatau City Bank Ресейге 31 миллиард теңге қарыз болып шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Baza телеграм арнасының мәліметінше, 2019 жылы Кипр компаниясы “Paploma Holdings Limited” Ресейдегі коллекторлық агенттік “Капитал-Инвест” компаниясына инвестиция салуға шешім қабылдаған. Инвестицияны кепілге қоюға “Регион-Строй” және бірнеше ресейлік компания қатысқан.

Алайда инвестицияны қайтару сәтінде компаниялардың ақшасы болмаған. Барлық қаражат Қазақстандағы First Heartland Jusan Bank банкіне өткен.

Сот материалдарына сәйкес, оның “Капитал-Инвест” банкімен байланысы бар екені анықталды. Ал “Регион-Строй” тек банктің техникалық компаниясы болып шыққан. Банк кейін оны банкротқа шығарып, қарыз қайтармауды көздеген.

"Бес жылдық сот күресінің нәтижесінде шешім шықты. First Heartland Jusan Bank қарызды пайызымен бірге жалпы сомасы 4 млрд 416 млн рубльді (31 млрд теңге) қайтаруға міндетті. Алайда биыл банк иесі ауысып, банк атауы “Alatau City Bank” болып өзгерген. Оның жаңа иесі қарызды қайтаруға асығар емес, процесті барынша созып отыр. Енді банк Ресей бюджетіне 1 миллиард рубльден астам салық және орындау төлемдері бойынша қаражат төлеуі тиіс”, — деп хабарлады дереккөз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар