Әнші, актриса Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқыр туралы айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әншінің сөзінше, ол кафедегі әйелдер дәретханасында өзіне сиқыр жасалғанын байқаған.
Кафеде әйелдердің дәретханасына кірген кезде апаттық есік бар. Ол жерде суды есептейтін құрылғылар тұрады. Ол үнемі жабық тұратын. Бір сәтте ашылып қала беретін болды. Шаруашылықпен айналысатын ағайға айттық. "Шегелеп пе жаба салыңызшы, күнде ашылып қалады, жаман көрінеді екен" дедік. Ол кісі ішінде қоқыс жатқан жоқ па деп қолын әлгі есік жаққа қарай салып көреді. Ішінен оралған бір бума қағаз шықты. Ашып қарасақ менің және ұлдарымның суреті тұр. Менің, ұлдардың жүрегіне, асқазанына, қуық жағына ине қадалған. Артында доллардың суреті. Екеуіміздің арамызды бөлген. Мен ондайды кинодан ғана көргенмін. Тағы іздедік. Айнаның артынан, канализация жақтан, әр жерден түрлі сурет таптық. Сонда осы уақытқа дейін 300-ге жуық сурет, ине, түйрегіш, топырақ, қан, шаш таптық. Жұмыс жүрмей қалды, түгел "минусқа" кеттік, - дейді Иманбаева Talk Like-қа берген сұхбатында.