Freedom Inside '26

30 қаңтарда ауа райы қандай болады?

30 қаңтарда ауа райы қандай болады?
ЖИ

Алдағы үш тәулік ішінде Қазақстан аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Тек елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында қалып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, төменгі боран, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының таулы аймақтарында 31 қаңтарда күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Ауа температурасына келетін болсақ, республиканың барлық аумағында біртіндеп жоғарылау байқалады. 31 қаңтар күндіз ауа температурасы батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде –5°С-тан +5°С-қа дейін, ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және елдің орталығында –2°С-тан –10°С-қа дейін жетеді.