30 градусқа дейін ыстық: Қазақстанда күн жылынады

Сағыныш Сардарова 26 нау. 2026 09:24

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста жаңбыр жауып, кейбір жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. 28 наурызда Маңғыстау облысында қатты жаңбыр жауады.

"Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +15…+25 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста +10…+17 градусқа дейін, орталықта +13…+24 градусқа дейін, оңтүстікте +21…+30 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +18…+27 градусқа дейін, ал таулы жерлерде +10…+15 градусқа дейін көтеріледі", - деді синоптиктер.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove