Алматы әкімдігі бокстан Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болған боксшыларды марапаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен мегаполис әкімдігі Ливерпульде өткен әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық қыздар-боксшылар мен олардың бапкерлерін салтанатты түрде марапаттады.
Оның ішінде, Назым Қызайбай 30 миллион, Алуа Балқыбекова 40 миллион, Виктория Графеева 20 миллион және өзге де қыздарға ақшалай марапат берілді.
Еске салайық, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеті алтын медальмен аяқтады. Бірінші орын иеленгендер: Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін).
Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Виктория Графеева (60 келіге дейін) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен ерекшеленді.