«17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізімін бекітті, оның ішінде үш қала мен 42 аудан бар», - деді Нұрлан Әбдіров.
Кандидаттарды тіркеу 15 қыркүйекте басталып, сайлаудың өзіне 25 күн қалғанда – 10 қазанда аяқталады.
Сайлау науқанының негізгі мерзімінде кандидаттарды ұсынуға 20 күн, кандидаттарды тіркеуге 25 күн қарастырылған. Кандидаттарды тіркегеннен кейін бірден сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады, ол 24 күнге созылады. Кандидаттарды ұсыну саяси партиялар арқылы және өзін-өзі ұсыну арқылы жүргізіледі.