2026 жылғы 26 маусымға белгіленген әдемі датаға неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш қабылдау 11 маусымда аяқталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Дәстүр бойынша сандардың ерекше үйлесімі бар күндер болашақ жас жұбайлар арасында жоғары сұранысқа ие. Биыл да бұл үрдіс сақталып, қазақстандықтар 26.06.2026 күнін неке қию рәсімі үшін жиі таңдаған.
Өтініш саны бойынша Алматы қаласы көш бастады. Мұнда 830 жұп неке қиюға өтініш берген. Екінші орында Астана қаласы тұр – елорда тұрғындарынан 740 өтініш қабылданған.
Ал Шымкент қаласында 141 жұп дәл осы күні некесін қиюға ниет білдірген.
Мамандардың айтуынша, ерекше даталар жастар арасында жыл сайын танымал болып келеді. Көпшілік мұндай күндерді есте сақтауға оңай әрі символикалық мәні бар дата ретінде таңдайды.