Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазгидромет мәліметінше, кейбір өңірлерде күн суытса, кейбір өңірлерде айтарлықтай өзгеріс болмайды:
- Циклон ел аумағы арқылы ілгерілеген сайын ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: түнде орталық және шығыс өңірлерде -5…-18°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста -2…-7°С-қа дейін, таулы аудандарда -7…-15°С-қа дейін көтеріледі.
- Солтүстік облыстарда ауа температурасы түнде -20…-35°С шамасында болып, аяз сақталады.
- Батыста түнде ауа температурасы -15…-30°С-қа дейін, солтүстік-батыста -20…-35°С-қа дейін төмендейді.
