Қазақстанда ақшасын рубльмен жинайтындар да бар. Бұл туралы "Нарық жаңалықтары" арнасы жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұлттық банк тапсырысы бойынша FusionLab жүргізген сауалнамаға сәйкес қазақстандықтардың тек 25%-ының жеке жинағы бар. Азаматтардың 63,6%-ы мүлде ақша жинамайды.
Жинағы барлардың ішінде:
- 69,8%-ы - депозитте сақтайды (жыл басынан бергі ең жоғары деңгей),
- 34,1%-ы -қолма-қол ұстауды жөн көреді,
- 20%-ы - жылжымайтын мүлікке салады,
- 8,4%-ы - бағалы қағаздарға инвестициялайды.
Мәліметке сүйенсек, ваюта құрылымы да қызық: 84,8%-ы теңгеде, 31,2%-ы долларда, 8,6%-ы рубльде, 5,5%-ы еурода жинақ ұстайды.
