25 мыңнан аса адамның жалақысы 50 пайызға өседі

Сағыныш Сардарова 28 шіл. 2025 16:22

2025 жылы елімізде 25 мыңнан аса қызметкердің еңбекақысы өседі. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол өз сөзінде Қазақстанда табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер енгізілгенін еске салды. Бұл түзетулер су шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің жалақысын арттыруға бағытталған.

"1 шілдеден бастап "Қазсушар" мекемесінің қызметкерлерінің жалақысы өсті. Өзгеріс су бұру және сумен жабдықтау саласында жұмыс істейтін 25 мыңнан аса маманның еңбекақысын көтеруге мүмкіндік береді. Өңірлер мен статистикалық деректерге байланысты өсім орта есеппен 35-50 пайыз болады", – деді Жүсіпова.

Айта кетейік, табиғи монополиялар туралы заңға енгізілген түзетулер 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар