24 қазанда ауа райы қандай болады?

Көркем Алдабергенова 24 қаз. 2025 07:10

Синоптиктер 24 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

24-25 қазанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. 24 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі. Талдықорған қаласында 24 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

24-25 қазанда Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 24-25 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 24-25 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қазанда Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 24 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

24 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

24 қазанда Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 24 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

24 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 24 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

24 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

24 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

24 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында 24 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

24 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар