Freedom Inside '26

23 қаңтарда ауа райы күрт нашарлайды

23 қаңтарда ауа райы күрт нашарлайды
ЖИ

23 қаңтарда, Қазақстанның басым бөлігін оңтүстік циклон ықпалы әсер етеді. Соған байланысты ел аумағында ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы РМК «Қазгидромет» баспасөз қызметі ұсынған болжамда айтылған:

«Оңтүстік циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады, бұрқасын болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты қар жауады.

Республика бойынша тұман түседі, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болады. Шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда желдің күшеюі болжанып отыр.