22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Қаракөз Амантай 22 сәу. 2026 07:00

Қазақстан аумағында Скандинавия тарапынан келген антициклонның әсері сақталады. Соның салдарынан елдің солтүстігі, шығысы және орталық өңірлерінде жауын-шашын болмай, ауа райы біршама салқындау болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды.

Ал батыс пен оңтүстік өңірлерде ауа райы құбылмалы болмақ. Бұл аймақтарда жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік облыстардың таулы бөліктерінде жаңбыр аралас қар жауып, жел күшеюі мүмкін.

Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірінде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Күндіз батыс, солтүстік және орталық аймақтарда ауа температурасы 15–23 градусқа дейін көтеріледі. Шығыста 10–18 градус шамасында болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн 17–28 градусқа дейін жылынады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove