22 қазанға арналған жұлдыз жорамал: Бүгін сізді не күтіп тұрғанын білесіз бе?

Қаракөз Амантай 22 қаз. 2025 07:00

Назарлараңызға 22 қазанға арналған жұлдызнама болжамын ұсынамыз. 

Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)

Бүгін батыл қадам жасауға қолайлы күн. Көптен бері ойлап жүрген істі бастауға ниеттеніңіз. Түстен кейін қуанышты хабар естуіңіз мүмкін.

Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)

Таңертең істеріңіз баяу жүрсе де, түске қарай бәрі реттеледі. Қаржы немесе жұмысқа байланысты жақсы жаңалық күтіп тұр.

Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)

Бүгін тіл табысуға, келіссөз жүргізуге тамаша күн. Көңіліңіз ашылып, шабыт пайда болады. Күтпеген кездесулер қуаныш сыйлауы мүмкін.

Шаян (21 маусым – 22 шілде)

Ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз. Кімге сенуге болатынын жүрегіңіз біледі. Кешке қарай отбасыңызбен жылы жүздесу күтіп тұр.

Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)

Күніңіз белсенді өтпек. Қай ортада болмасаңыз да, өз орныңызды табасыз. Бірақ шамадан тыс эмоцияға ерік бермеңіз.

Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)

Бүгін ұқыптылық пен сабыр қажет. Әр істі ойланып жасаңыз. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз, артық шаршаудан сақ болыңыз.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)

Жақындарыңызбен ара-қатынас жылы болмақ. Сырт келбетіңізге, киім үлгіңізге мән беріңіз — өзіңізге сенімділік артады.

Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)

Маңызды әңгімелер мен кездесулер орын алуы ықтимал. Ашық сөйлесуден қорықпаңыз. Әділдігіңіз бен табандылығыңыз өз жемісін береді.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)

Күтпеген жаңалықтар мен ұсыныстар болуы мүмкін. Барлығын сабырмен қабылдаңыз. Кешкісін достармен бас қосу көңіліңізді көтереді.

Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)

Жұмыста нәтиже беретін күн. Еңбегіңіз еленіп, мақтау естуіңіз мүмкін. Кешке тынығып, өзіңізге уақыт бөліңіз.

Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)

Бүгін жаңа идеялар мен тың ойлар келеді. Өзіңізге сеніңіз, бірақ асығыстық жасамаңыз. Қарапайым әңгімеден үлкен мүмкіндік тууы мүмкін.

Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)

Күніңіз сезімге толы өтеді. Шығармашылықпен айналысу немесе табиғат аясында серуендеу жанды тыныштандырады. Кешкісін жылы кездесу күтіп тұр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар