22 наурызда Каспий жағалауында қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге танытатын «Kazakh Record» фестивалі өтеді. Осылайша маңғыстаулықтар әлемнің Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отыр,- деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақтың ұлттық киімін Гиннес кітабына тіркеу үшін халықаралық комиссия мүшелері арнайы Ақтауға келеді. Шараға 5 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
Мегафестивальға қатысу шарттары:
- 16 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.
- Қатысушылар http://kazakhrecord.kz/ сайтына кіріп, 362 теңге көлемінде қатысу жарнасын төлеп, арнайы форманы толтыруы қажет.
- Тіркеуден кейін 20 наурызға дейін ұйымдастырушылардан жеке нөмір беріледі.
- 22 наурыз күні сағат 9:00-ден 10:30-ға дейін бекітілген орынға каталогқа сәйкес ұлттық киіммен келу қажет.
- Рекорд қою рәсімі сағат 10:30-да басталады. Барлық қатысушыларға арнайы білезік беріледі.
Мекенжайы: Ақтау қаласы, 15 ша/а, 68-ші үйіне қарама-қарсы теңіз жағалауы.
Ұлттық киімдердің ерекшеліктері
- Фестивальде қазақтың дәстүрлі бас киімдері ерекше назарда болады:
- Тақия – цилиндр пішінді, әшекейлермен безендірілген, ұлттық нақыштағы бас киім.
- Бөрік – барқыттан, қой терісінен жасалып, салқын мезгілде киетін ерлер мен әйелдердің бас киімі.
- Сәукеле – ұзатылатын қызға арналған ең әсем әрі биік бас киім. Сыртқы бөлімі күміс және асыл тастармен безендіріледі.
- Кимешек – әйелдердің дәстүрлі бас киімі, көбінесе үлкен жастағы аналарға арналған.
- Орамал – ақ матадан жасалып, иық пен арқаға жауып тұратын ұлттық бұйым.
Мақсаты мен маңызы
“Kazakh Record” фестивалі қазақтың ұлттық киімін, оның бай мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттауды көздейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, бұл шара жастардың патриоттық рухын оятып, қазақи салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.
Ұлттық киімді құрметтеп, оның сәні мен мәнін әлемге паш еткісі келетін барша қазақстандықтарды «Kazakh Record» фестиваліне шақырамыз!