21 жыл бұрынғы қанды қылмыс ашылды

21 жыл бұрынғы қанды қылмыс ашылды
ІІМ

ІІМ 21 жыл бұрын жасалған қылмысты ашты, деп хабарлайды dalanews.kz.

2005 жылы Астанада зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның сүйегі табылған. Айғақтар болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмаған.

Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген.

"Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды. Тамызда күдіктілер ұсталып, кінәсін мойындады. Қазір екеуі де қамауда. Тергеу жалғасып жатыр", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.