21 наурызға арналған ауа райы: еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтоты Жапатова 21 нау. 2026 09:31

Еліміздің бірқатар өңірінде 21 наурыз күні ауа райы құбылып, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. «Қазгидромет» мамандары тұман, көктайғақ, екпінді жел және кей өңірлерде шаңды дауыл болатынын ескертті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Болжамға сәйкес, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Орал қаласында да осыған ұқсас жағдай қалыптасады.

Атырау облысының солтүстігінде таңертең тұман күтілсе, күндіз өңірдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Атырау қаласында да күндіз шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.

Қостанай, Ақмола облыстарының бірқатар аумағында тұман мен көктайғақ күтіледі. Астана қаласында да осы күні жолдар тайғақ болып, көріну деңгейі төмендеуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақпен қатар екпінді жел болжанып отыр. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Петропавл қаласында да қатты жел күтіледі.

Павлодар, Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Өскемен мен Қарағанды қалаларында да көріну деңгейі төмендейді.

Абай облысында тұманмен қатар жел күшейеді. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде де ауа райы тұрақсыз болады. Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі, сондай-ақ тұман мен екпінді жел болады. Түркістан облысында да жаңбыр, найзағай және тұман болжанған.

Жетісу облысында, әсіресе Алакөл көлдері маңында желдің күші артып, кей уақытта 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға шақырады. Әсіресе жүргізушілерге жолда абай болып, алыс сапарларды алдын ала жоспарлау ұсынылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove