2029 жылы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Қаракөз Амантай 03 ақп. 2026 09:44

2029 жылы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді. Бұл туралы Азияның Олимпиадалық кеңесі ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бастапқыда қысқы Азия ойындары Сауд Арабиясында өтуі тиіс еді. Бұл ел 2022 жылы жарысты қабылдау құқығына ие болған. Алайда биыл қаңтар айында Сауд Арабиясының Олимпиадалық комитеті Азияның Олимпиадалық кеңесімен бірлесіп, турнирдің кейінге шегерілетінін хабарлаған. Осыдан кейін ұйымдастырушы елді ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Xinhua агенттігінің мәліметінше, 5 ақпанда Италияның Милан қаласында Азияның Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан тарапы келісімшартқа қол қояды. Бұл құжат Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарының ресми қабылдаушы қаласы мәртебесін бекітеді.

Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін де қысқы Азия ойындарын қабылдаған. 2011 жылы бұл жарыс Алматы мен Астанада өткен.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove