2026 жылы Қазақстанда баспана қымбаттай ма?

Көркем Алдабергенова 02 жел. 2025 14:37

Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Салық кодексі күшіне енген соң жылжымайтын мүлік құнының қымбаттау ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, ведомство жекеменшік құрылыс компанияларының бағасын реттемейді – құн нарық заңдылықтарына сәйкес қалыптасады және сұранысқа тәуелді.

Қазіргі уақытта нарықта сұраныстың күрт артуы байқалып отыр, бұл жағдайды құрылыс компаниялары одан әрі қыздырып, баға саясатына әсер етіп жатыр.

"Бағаға әрқашан ажиотаждық сұраныс ықпал етеді. Менің ойымша, нарық дәл сол сұраныстың әсерінен қызып тұр. Бағаның сіз айтқандай 30 пайызға өсетініне негіз көріп тұрған жоқпын", – деді Ерсайын Нағаспаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар